Лақ

Бұл бетте «Лақ» атты Жақан Смақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3581
Үй алдында – «Балбұлақ»,
Өткелі бар жалғыз-ақ,
Тігіп алып құлағын,
Қарғып өтті лағым
Лағым неткен епті еді,
Өткелден құлап кетпеді.
Соңынан мен де секірдім.
Жалп еттім суға, өкіндім
Лағым-ау, лағым –
Бәрібір сені қуамын!

Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ
Өзіңмен бірге еседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақ киім тікпейсің
Бастауда,
Беткейде
Қос көл бар көлемі оймақтай
Төгіліп
Кетпей ме
Көл сырын ешкімге қойды айтпай
Түпсіз кел – оймақ көл,
Қайда бар, ойлап көр?!
Қара үңгірде қара тас
Жылуы бетті қаратпас
Пернесіз, иексіз
Күйі келсе
Күмбірлеп кетеді
Буынсыз, сүйексіз
Тежеуін білмесе
Етіңнен өтеді
Сүйекке жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лақ өлеңінің авторы кім?

Жақан Смақов — осы өлеңнің авторы.

Лақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жақан Смақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері