Арман

Бұл бетте «Арман» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 911
Арғымақ мінсем деп едім,
Тақымы жұрттың тимеген.
Ешкімге басын имеген,
Аршындай шапқан кезінде,
Ақ сағым болып билеген,
Шаңына көміп жабыны,
Шошытқан үні тағыны,
Арқанға тұрмас ағыны,
Ат біткеннің тәңірі.
Ару бір сүйсем деп едім,
Әлі күн ешкім сүймеген.
Ерніне ерін тимеген,
Тәлкегін көріп өмірдің,
Тауқыметіне күймеген.
Жақсыға болмас жаттығы,
Періште тектес пәктігі,
Даланың балғын ақ гүлі,
Өмірдің сол ғой шаттығы!
Жақсы жыр жазсам деп едім,
Әлі күн ешкім жазбаған,
Сан ғасыр өтсе азбаған,
Жарқырай жанып маздаған.
Тереңнен жанды тербетіп,
Көңілдің сеңін қозғаған.
Артымды алау от қылар,
Алтыннан тұлға соқтырар
Қолыма түспей жүр әзір,
Көк жиектегі - көк мұнар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері