Көктемнің хабары – Дина Бөкебай

Бұл бетте «Көктемнің хабары» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1313
Алматыға көктем келді,
Біз жүретін жолдың бәрі жыр болып,
Еске салар өткендерді
Ал дәл қазір,
Есентайдан түскі ас ішіп
Шаштарында дицентра гүлденіп,
Кеудесінен құстар ұшып...
Мен келдім!
Алматыға көктем келді,
Құстар айтты құлағыма сыбырлап ,
Жалғастырар көк пен жерді
Ал дәл қазір,
Жүрегімнің досы үміт.
Сосын мен де бір ән айттым ыңылдап,
Молданазарға қосылып...
Алматыға көктем келді,
Құрбыларым шықты жаңа сәнденіп,
(Жек көретін өктем желді)
Ал дәл қазір,
Кеше жауған қар артық,
Менің жаным қуыс-қуыс тәнге еріп,
Жатсам дейді дүниені ағартып.
Алматыға көктем келді,
Көрінеді қарасаң, жақыннан күз,
(Мұңға бату жоқ менде енді)
Ал дәл қазір
Сыр орнына жыр беріп,
Терезе алдында түнмен бірге отырған қыз
...ғайып болар, үлгеріп!
Алматыға көктем келді,
Ақындар!...қиын бұларға
(Ессіз деп сөкпең мені)
Ал дәл қазір,
Бір сағыныш ойларымды үсіріп,
Айналдырар жүрегімді жырыма,
Жырларымды қиындыларға,
Түсініксіз түсінік.
Алматыға көктем келді- мен келдім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемнің хабары өлеңінің авторы кім?

Дина Бөкебай — осы өлеңнің авторы.

Көктемнің хабары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемнің хабары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Бөкебай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемнің хабары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері