Әйел бақыты – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әйел бақыты» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3052
Әйел нәзік гүл дейсіндер ерекше,
Осы ойынды, достым өзің кел, екше.
Мәңгі гүлдеп болу үшін бақытты
Сол әйелге көп дүние керек пе?
Үймей-ақ қой басына оның бар құтты,
Сыйлама сен, оқа, ұштоп барқытты.
Ертелі-кеш үйге есіктен кіргенде,
Жадыраңқы ажарыңа ол бақытты.
Сыйлама сен, інжу, маржан, жақұтты,
Сыйлама сен, биік мансап тақытты.
Жүдеу жанын не сыныңқы қабағын
Тани салған назарыңа ол бақытты.
Ұстамасаң әйел еді деп ықтырып,
Бөлісетін болсаң барыңды ұқтырып.
Бар күйіңе ортақ етсең бақытты ол
Қызметінде болар мәңгі тік тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел бақыты өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әйел бақыты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел бақыты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел бақыты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері