Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн
Бұл бетте «Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн.
Осыны ойлап қамықтым да қайғырдым.
Аруды аңсап айлы кеште айтар əн,
Кешiктiң ғой, кемелiңе қайта орал.
Балғын шалғын,
балауса бақ,
бал шағым,
Кiрпiгiме жақұт тағып, моншақ iл.
Өткен кездi ойлай бермей мен ендi
Өкiнтсем де, өксiтпейiн өлеңдi.
Қыз көзiне көп қарайтын қу басым
Сезер қайтып серi күннiң тумасын.
Сезгенi де отырған соң мұң шағып,
Ей, Жастық шақ,
опасыз ба ең,
мұншалық?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі