Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған?
Бұл бетте «Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған?
Қыздар қайда бұрымы бұлғақтаған?
Өкпелеген балаша томсыраймай
Тiлiң болса,
Тiршiлiк,
үн қат маған?
Көкшеқұмар көңiлдiң пайғамбары –
Бау-бақшаның басынан тайған бағы.
Жапырақтар үзiлiп түсiп жатыр,
Жауынгердей оққа ұшқан майдандағы.
Күндi ұрлаған..,
Қырмызы гүлдi ұрлаған
Өткен шақтың бейнесi бұлдыр маған.
Жапыраққа жалқау жел жаудай тидi-ау,
Ала жаздай шөп басын сындырмаған?!
Деп жүргенде əнiммен əспеттермiн,
Алтын күндi қалайша босқа өткердiм?
...Тереземнiң жақтауын паналаған
Жайын ойлап отырмын қос кептердiң.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі