Өлең, жыр, ақындар

Құдаша

Бас имей бұрқасынға
Өтті де жылдар ағып.
Туған жер қырқасында
Қап қойды бұл балалық.

Қайтемін оны даулап,
Тек арман мүлгімейді.
Бір сезім омыраулап,
Кеудемді тілгілейді.

Арайлы ақ тілекпен
Қанша үміт сабақталды.
Қаншама өтті көктем,
Мен сені жоғалтқалы.

Кезімде гүл атпаған
Көріппең өзің мені.
Ешкімді қуантпаған
Қауқарсыз кезім бе еді?!

Күлкіңнен нәр алып бір,
Аулыңа барғанымда,
Жүргенсің балалықтың
Балауса орманында.

Қонақжай сыйыменен
Бір шерткен көңіл күйін.
Әпкемнің үйіменен
Көрші еді-ау сенің үйің.

Ай маңдай мұратымның,
Кінәсіз сенімі үшін,
Жиі кеп тұратынмын
Өзіңді көру үшін.

Шақырса құба дала,
Гүл қуып қыр асамыз.
Мен едім құда бала,
Сен едің құдаша қыз.

Қызғалдақ – қырдың сәні
Жебейтін арман атын.
Мен үзген гүлдің бәрі
Бір саған арналатын.

Жан едің дала көңіл,
Өзгеше ең, ерек едің,
Мен сені бар әлемнің
Көркіне теңегенмін.

Сол сезім нұр ұсынды
Жанымның жайлауына,
(Бұл кейін тынышымды
Алар деп ойладым ба?)

Бір күні дүрілдеген
Той болды көрші ауылда.
Қыз десе күлімдеген
Жігіттер қанша мұнда.

Сыртта би қызды тіптен,
Сол кезде сен де келіп,
Бейтаныс бір жігітпен
Биледің дөңгеленіп.

Нұрға орап жаңа отауды
Түннің бір ортасында,
Ай туды Алатауды
Жамбастап арқасына.

Сазанды терең көлдей
Шоршыдым, тосырқандым.
Ал жігіт көлеңкеңдей
Қалмады қасыңнан бір.

Бұлай деп аңдамағам,
Таңдантты-ау сырың мені,
Айтшы, бұл әлде маған
Көрсеткен қырың ба еді?

Жанымды ызғар ұстап,
Намысым арығандай.
Лап етпе қызғаныштан
Шақ тұрдым жарылардай.

Той тарқап таң алдында,
Қонақтар жолға аттанды.
Сол жігіт сені ауылға
Шығарып салмақ болды.

Адасқан орманынан
Еліктей тұрып қалдым.
Сонан соң соңдарыңнан
Біраз жер жүріп бардым.

Сонан соң, жалт бұрылып,
Қаштым мен тауға қарай.
Кеудеме от тығылып,
Жүрегім лаулағандай.

"Тоқта" деп айқайладың,
Соныңды қалдым ұғып.
Даусыңды қайталады,
Кең дала жаңғырығып.

Өрлігім алға сүйреп,
Қайырылып қарамаппын.
Сен менен алғаш рет
Алыстап бара жаттың.

Сол түннің құмар қылған
Өзгерді мәні мүлде...
Тек даусың құлағымнан
Кетпейді әлі күнге.



Пікірлер (6)

Асел

Тағы бар ма?

Мөлдір

Көп

Ерназар

Қазақтың жанашыры ақын ағамыз аман болсын! негізі осы ағамның барлық өлеңдерін оқып отырамын қай өлеңін алсақта мән бар мағына бар жасай бер ақын аға!

Сәуле жас ақын қыз

Маған құдаша қыз өлеңінің желісінде шығарылған ән тыңдап ұнаған еді таба алмай отырмын қалай тапсам болады екен ? айта ала сыздарма?

Салтанат Абаева

Өлеңдерді жаттагым келген қиын екен

Сүиіндік Мүрсəлімов

Мен көп жылдар Шафер болып машинада жүрдім. М. Шахановтың махабатты қорғау деген қызыл кітабын бірге алып тастамай жанымда жүрді соның ішінде Құдаша қыз. М. Шахановтың жырлары маған жігер намыс күш қуат болды.

Пікір қалдырыңыз

12-3=?

  • 2
  • 16

Қырқасынан қыран ұшқан, сен ержеткен аймақты,
Ертеде бip хан билептi, қайсар әрi қайратты.
Қартайса да, шапқан аттың құлағында ойнапты,
Қия тартқан мақсатына иек артпай қоймапты.

Толық

Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақ

  • 1
  • 3

Отырарда бір қадірлі қарияның қанатты
Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты.
Мінезі сәл жайсыз екен шодыр бала іспетті, -
Шаршап-талып шөлдесе де арықтан су ішпепті.

Толық

Махаббатты қорғау

  • 0
  • 2

Бiз екеумiз жолықтық,
Бipaқ тым кеш жолықтық,
Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық.
Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең,

Толық

Қарап көріңіз