Таң – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Таң» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1067
Бозала таңда бозторғай әлі шыр етпей,
Тып-тыныш дала тұмшанып шыққа сүмектей,
Жылыстап алып, жарығы налып жұлдыздың
Қалтырайды кеп баяу бір соққан жүректей.
Ұйықтаған бұлттар ұйтқыған желмен жайылып,
Тазарады аспан нұрына талғақ шайынып.
Сейілмей салқын соныға түсіп топ жылқы,
Қотанда қойлар күйісін соңғы қайырып.
Бозторғай ұшып, үлгірді сәтте сайрап та,
Қарашықтай құс қайда жүр өзі, қай жақта?
Табиғат – уыз, шайқалып кетті шелегі,
Әлден-ақ кейін айналып кетті қаймаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері