Қайрақ – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қайрақ» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1196
Хас қайрақтың да тас нәті,
Қанжарың болса – жанып ал.
Қайысың болса – таспа тіл,
Қайыңың болса – қабық ал.
Қайрағың барда қылпымай
Темірің қайда қалады?
Алмастың жүзі шырпыдай,
Аударып салсаң жанады.
Қарқара жақтың тасы ма,
Қаратау жақтың тасы ма,
Алатау жақтың тасы ма,
Қай темірмен де ашына
Қайрақтың тасы асыл, ә?..
Қай жақтың тасы болсаң да,
Қара темірлерді қунатып,
Қара темірлерді асыра!
Жарылған жартастан туған қайрағым,
Қажалып, қақ бөлінсең де жасыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері