Өлең, жыр, ақындар

Жеті ата

Білген жақсы екен ғой,
Білмейтін көп мұны, əттең.
Біріншісі – əкең ғой,
Екіншісі – ұлы əкең.
Үшіншісі – ата ғой,
Төртіншісі – ұлы атаң.
Олар қарттар батагөй,
Бата да ақыл, біл, қалқам.

Бесіншісі – бабамыз,
Алтыншы – ұлы бабамыз.
Бəрі – абыз, данамыз,
Үлгі-өнеге аламыз.
Жетінші – арғы тегім де,
Немесе оны ру де.
Жүрсін есте, көңілде!
Жеті атаңды ардақтап,
Білсең, əзір жетеді.
Білмесең, біл, ал жаттап,
Білген бала – жетелі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркіт

  • 0
  • 0

Бүркіт ірі, қайратты,
Сұлу әрі айбатты.
Көтеріліп тым биік,
Көзбен шолар аймақты.

Толық

Ахмет ата

  • 0
  • 0

«Бəріне елдің ұнаған
Болды, – дейді – Ұлы адам»
Білмейсіңдер демеймін,
Кім дейсіңдер бұл адам?!

Толық

Тілалғыш

  • 0
  • 0

Жұмсап еді, барып ем,
Атадан алдым бір алғыс.
Отынға ағаш жарып ем,
Апамнан алдым бір алғыс.

Толық