Тұғыры биік- Науырзым! – Zhansayaa7

Бұл бетте «Тұғыры биік- Науырзым!» атты Zhansayaa7 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Туып-өскен топырағым – тұмарым,
Талай мықты түлеп ұшқан отаным.
Кіндік қаным тамған жердің қасиеті-
Бұл мекеннен бастау алған арманым.

Науырзымның таңын көрсең- нұр тұнған,
Сыр жасырған сан ғасырдың жырынан.
Шүйгін шөбі, мөлдір таза суыменен,
Халқы бар, көңілі кең, жаны жайсаң.

Таңғы самалы тербетеді кең даланы,
Көк шалғында басталған-ды бал әні.
Қызғалдағы үлбіреген нәзіктей,
Табиғаты ерекше ғой, сырлы маңы

Қорығы бар- тамсандырар талайды,
Бүркіт ұшып, кең аспанды шарлайды.
Киік жортар жазықтарды кезіп-ақ,
Тылсымымен таңғалдырмай тынбайды.

Алпыс жылдық- мерейлі бір белес,
Шежіреге толы сансыз сәттер дес.
Әлі талай ұрпақ өсер осы жерде,
Ізгілікпен жалғасатын кемел көш.

Ауыл - менің алтын бесік, ардағым,
Дәл осында туған менің бар бағым.
Тыныштық пен тазалығын бағалайм,
Осы күйі сақталса екен- арманым.

Алпыс жылың - өрге өрлеген мерейің,
Өсе берсін өрісің мен кеңейің.
Туған жерім, көркейе бер кемелмен,
Асқақ шыңнан көрінсін деп тілеймін.

Құтты мекен - Науырзымның баурайы,
Шежіресі мен кең тарихы баурайды.
Ұрпағыңмен ұлықталсың тарихын,
Жарқырай бер, халқың соны қалайды!

Жансая Қайржанова Қайратқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұғыры биік- Науырзым! өлеңінің авторы кім?

Zhansayaa7 — осы өлеңнің авторы.

Тұғыры биік- Науырзым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұғыры биік- Науырзым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Zhansayaa7 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұғыры биік- Науырзым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар