Қайрақ – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қайрақ» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1168
Хас қайрақтың да тас нәті,
Қанжарың болса – жанып ал.
Қайысың болса – таспа тіл,
Қайыңың болса – қабық ал.
Қайрағың барда қылпымай
Темірің қайда қалады?
Алмастың жүзі шырпыдай,
Аударып салсаң жанады.
Қарқара жақтың тасы ма,
Қаратау жақтың тасы ма,
Алатау жақтың тасы ма,
Қай темірмен де ашына
Қайрақтың тасы асыл, ә?..
Қай жақтың тасы болсаң да,
Қара темірлерді қунатып,
Қара темірлерді асыра!
Жарылған жартастан туған қайрағым,
Қажалып, қақ бөлінсең де жасыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайрақ өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қайрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері