Кеттің ұшып құс секілді

Бұл бетте «Кеттің ұшып құс секілді» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1127
Кеттің ұшып құс секілді,
Көргеніміз түс секілді,
Қорқам бірақ жоруға.
Рақаты көп тұс секілді,
Қылмысы жоқ іс секілді,
Қалқам, бірақ соңында
Суға шайған нәл секілді,
Тарағанмен, бар секілді
Денемізде дағы әлі.
...Түн түндігін қанша түрді,
Қайта еңкейді, қанша өкінді,
Жазды уақыт жараны.
Құс секілді қайта қондың,
Қайта қондың, қайда қондың?..
Қайран өмір қақтығыс.
Қырды шарлап, ойда жүрдің,
Тәлкегін-ай, тәйірі, өмірдің,
Тәтті дүниең – тәтті түс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеттің ұшып құс секілді өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Кеттің ұшып құс секілді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеттің ұшып құс секілді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеттің ұшып құс секілді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері