Тобылғы сайға барғанда – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Тобылғы сайға барғанда» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1733
Дүр етіп лезде бүр жарған кезде дүзген, тал,
Тобылғы сайға торыңды сайлап қызбен бар.
Қолаң шағыр мен қоламта күлгін көкпектің
Арасында аршын тұяқтар тиген іздер бар.
Тұяқтар теуіп тастаған таспа топырақ
Қияқтар көміп, аңқасы кеуіп жатып ап,
Шаңқай түсте шекесі шып-шып қызғанда
Қалқалайды кеп қызғаншақ түйежапырақ.
Тобылғы сайға, торыңды сайлап бар сонда,
Жарауы жетсе, Топайдай торың алшаңдар.
Ізге ұя салған жапырақтан бір құс пыр етіп,
Жазатайымда қайтер ең құлап қалсаңдар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері