Сабаңа түсіп кей шақта

Бұл бетте «Сабаңа түсіп кей шақта» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1208
Сабаңа түсіп кей шақта,
Санаңа түсіп күллі жүк,
Зауқың да шаппай еш затқа,
Аулаққа қашар нұрлы үміт.
Сіркең де суды көтермей,
Сезім де тумай сібірлеп.
Өз тәнің бейне бөтендей,
Жүрегің ғана дірілдеп
Жорғалап, жүйткіп шаба алмай,
Жүйкеңді бір жүк иықтап,
Қатты ұйықтап қалған адамдай
Көрпесін қымтап, тұйықтап.
Сағынып думан шақты құр
Марғау да мақау мынау ой.
Күрсіне де алмай қатты бір,
Түршіге де алмай тұла бой.
Жүретін кезің зәуде бір
Бола ма, бауырым, басыңда?
Болмай ма, айтшы, әлде бұл,
Әлде бұл біздің ғасырда?..
Мен өзім мұндай шақтарға,
Ара да тұра кезігем.
Тағдыр бір сілкіп қаққанда
Тазарған жандай сезінем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабаңа түсіп кей шақта өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Сабаңа түсіп кей шақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабаңа түсіп кей шақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабаңа түсіп кей шақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері