Келді шешем алпысқа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Келді шешем алпысқа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1142
Келді шешем алпысқа,
Мен қырыққа тақаумын.
Шешем елде – алыста
Мен қалада.
Отаумын.
Қара шаңырақ орнында
Отыр шешем қалқайып.
Үлкені елде, мен мұнда,
«Қос қараға» марқайып.
«Қос қарасы» – екі отау,
Бір-бірінен тұр бөлек.
«Тағдыр бөледі екен-ау,
Өсірсең де бір бөлеп...»
«Ауылдағы ұл уайым –
Ылғи алыс сапарда».
Қаладағы ұл уайым –
Қосылды ма қатарға?
Ауылдағы ұл уайым –
Ел басқарар қалпы жоқ.
Қаладағы ұл уайым –
Дақпырты бар, даңқы жоқ.
Деп ойлайтын күн артта
Қалды кәзір «о, тәуба!»
Немере көп, бірақ та
Екі бөлек отауда.
Екі уайым, екі үміт
Түсіп талай шарпысқа.
Кетті ұлдары жетіліп,
Келді шешем алпысқа.
Келді шешем алпысқа,
Бара жатыр жүдеп тым.
...Немерелер әр тұста
Тамырындай жүректің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келді шешем алпысқа өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Келді шешем алпысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келді шешем алпысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келді шешем алпысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері