Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1636
«Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз»
Деуге болмайды пайым-парықсыз.
Дүмеп жатпайды тойың дамылсыз,
Думан болмайды уайым-налусыз.
Тойдың барлығы бақыт тойы емес,
Бір сәт көрген мұң мәңгі сор емес.
Бақыт – мәңгілік емес татулық,
Қайғы – мәңгілік емес төбелес.
Біреу бақытты жылап тынса да,
Біреу бақытсыз күліп тұрса да.
Бақыт біреуге өткен бір күні,
Бүгін басына жұмақ туса да.
Түсі қайғының түндей қара ма,
Түсі бақыттың таңдай бола ма?
Солай сіңгенмен шартты санаға,
Бұлай деуіміз нақты баға ма?
...Жоқ, жоқ, әрине, нақты баға емес,
Бақыт кей-кейде тәтті бал емес.
Қайғы дегенің қара тұз емес,
Нақты теңеулер сәтті, дәл емес.
Бірақ екеуі егіз, бары рас,
Бірі-бірімен бақталас, жаны қас.
Жалқы жүрекке жұп боп ұялап,
Бірі-біріне тәкаппар, танымас.
Жұмыр баспенен көріп екеуін,
Кезіп келеміз дүние мекенін.
Адам адамға тіріде айта алмас
Кімнің бақытты,
Кімнің бақытсыз екенін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері