Тырналарым келдің бе

Бұл бетте «Тырналарым келдің бе» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, тырналар, тырналар,
Даламды кез, қырға бар.
Жырыңды естіп жырғасын,
Арқа-жон қырқалар.
Сезімді қоздатып,
Көк жүзін боздатып
Келдің бе,
Өскен жеріңе.
Жыл құстары құлақ сал,
Сылдырайды бұлақтар.
Хабар алып қанаттан
Көктеді құрақтар.
Сабылып жырақтан
Туған жер тұраққа
Тасынып
Жеттің асығып.
Көктей өттің белдерді,
Аяулы әнім кел енді.
Тыраулаған наз әуен
Аңсатты сендерді.
Аялда аз ғана
Ағылсын саз жаңа,
Нұр көктем
Күтіп жүр көптен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырналарым келдің бе өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Сыдықов — осы өлеңнің авторы.

Тырналарым келдің бе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тырналарым келдің бе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Сыдықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тырналарым келдің бе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері