Жауынгер жарым оралшы

Бұл бетте «Жауынгер жарым оралшы» атты Құмарбек Сыдықов жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жадымнан шықпай, арайлым,
Жолыңа күнде қараймын.
Қоштасқан сол бір сағаттан,
Уақытты өткен санаймын.
Сыр болып назым тарқамай,
Сағындым сені қалқам-ай.
Толқынға тосып жанымды,
Шақырған болам сабырды.
«Торықпа, жаным» – десем де
Қайтейін, сәулем, сағындым.
Сағыныш сазы тарқамай,
Жүрмін ғой аңсап, қалқам-ай.
«Жабықпай жаным жүрші, айым, –
Деп едің, – келші құшайын».
Жауынгер жарым оралшы,
Алдыңнан құс боп ұшайын.
Көңілден көп ой тарқамай,
Сағынып жүрмін, қалқам-ай.
Сағыныш сазы тарқасын,
Оралшы тездеп қалқашым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгер жарым оралшы өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Сыдықов — осы өлеңнің авторы.

Жауынгер жарым оралшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауынгер жарым оралшы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жауынгер жарым оралшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері