Рауанды таңдарым-ай – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Рауанды таңдарым-ай» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Беу дала!
Кең төсіңмен келем өрлеп.
Сәріде ойдан озып, қырға шығам.
Қалайша шалқытпасын өлең тербеп.
Көңіліңді жанай өткен жыр қасынан.

Қайырмасы:
Рауанды ақ таңым-ай.
Көк торғын бақтарым-ай
Құрақтар сыбдырын-ай
Бұлақтар сылдырын-ай!!!

Құладүз шыға келді түгі түлеп,
Жадырай нұрын сеуіп арай келді.
Жас қайың жарқын жүзбен күлімсіреп,
Тарқатып жібек жанын тарай берді.

Қайырмасы

Қалмады өзімде енді қалау ерік,
Жүр-жүрлеп жетелейді гүл шырайы.
Шығысқа алқызыл рең алау беріп,
Керіліп кербез сұлу күн шығады.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рауанды таңдарым-ай өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Сыдықов — осы өлеңнің авторы.

Рауанды таңдарым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рауанды таңдарым-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Сыдықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рауанды таңдарым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері