Жайлау таңында

Бұл бетте «Жайлау таңында» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жайлаудың кең төскейін бөктерлетіп,
Келемін қиялымды көкке өрлетіп,
Арманның әуенімен жарасқандай
Желпиді қоңыр самал шөп тербетіп.
Астымда алқарекер ойнақтаған,
Тау-төбе қарайтындай бойлап маған.
Раушан гүл таң нұрымен таранғанда,
Еркем-ау, өзің бе деп ойлап қалам...
Келемін әуен аулап әр шағылдан,
Көңілді ән баурайды жар сағынған,
Елеңдеп алыс бетке жаутаңдаймын,
Назданып сен шығардай қарсы алдымнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау таңында өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Сыдықов — осы өлеңнің авторы.

Жайлау таңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлау таңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Сыдықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау таңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері