Бейбітшілік туы берік қолда

Бұл бетте «Бейбітшілік туы берік қолда» атты Нығмет Баймұхамедов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жер шарын мекендеген бүкіл халық,
Біздің ел дәстүрінен қуат алып.
Советтер Одағы боп сүйінері,
Достығын Отанымның отыр танып.

Қайырмасы:
Барлық халық, бақыт үшін тартқан алға, алға!
Біздің ту – Совет туы, берік қолда!
Партия қайда болса,
Партия қайда болса – жеңісм сонда!

Жиһанға жат болсын деп соғыс аты,
Сақтаулы қол қойылған «Әлем хаты»
Бала – жас, ана – жесір, әке – құрбан
Болсын деп жаралмаған адам заты.
Қайырмасы.

Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан,
Қуатым құмда суды толқындатқан.
Біздің ел – еңбек елі, шөл далаға
Жайқалта жапырағын бақ орнатқан.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейбітшілік туы берік қолда өлеңінің авторы кім?

Нығмет Баймұхамедов — осы өлеңнің авторы.

Бейбітшілік туы берік қолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейбітшілік туы берік қолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нығмет Баймұхамедов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейбітшілік туы берік қолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері