Тастанды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тастанды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Шат мінезі жоқ,
Көзінен мұң төгіп,
Жатқанын білмейді
Бетінен кім өбіп.
Неге оны аяйды,
Ұға алмай қарайды.
Әркімге жаутаңдап,
Түсінбей маңайды.
О, бейбақ сормаңдай,
Не жаздың Тәңірге
Тым сорлы болғандай!
Ілініп кәріне
Бақытыңды орғандай.
Сүт құйып құтыдан
Еміздік беретін
Сезеді-ау жүрегі
Анасы емесін.
Омырауға тұмсығын
Көміп сүт сормайша,
Сүт иісі, ана иісі
Көкірегін алмайша,
Өксігі басылып,
Құштары қана ма!
Ананың ақ төсі
Орнықпай санаға.
Содан соң ғана ол
Таниды анасын,
Ана сүті оятады
Сәбилік санасын
Осыны сезінбей,
Қайтып ол ашылсын,
Шер көкірек өксігі
Ол қайдан басылсын!
Елжіреп егілем,
Қолымнан келер не!
Тағдырын түзетіп,
Тәңірі елер ме!
Сонау бір сұлуға
Ой-сана берер ме,
Имандылық орнап,
Оралып келер ме!
Айта алмай қойдық-ау
Бүгін біз басқа әнді.
Таңба тұр жүзінде,
Деген: мен — тастанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тастанды өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тастанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тастанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тастанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері