Ұнатып ем

Бұл бетте «Ұнатып ем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.

Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.

Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: "Саған оңай көнем бе мен!" –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін "Сені жақсы көрем!" деген…


Пікірлер (2)

Тулеутаева арайлым

Оте жаксы манерлеп окудан жарыс еды бырыншы орын алам буйртса

Ақниет Сүлеимен

Өте іскерлік өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнатып ем өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұнатып ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнатып ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнатып ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері