Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3397
Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым,
Отаннан тарар
тамырың менен түбірің.
Отаның сонда жүрегің болып шықпай ма,
Өзіңнен артық кім білмек жүрек дірілін?..
Отаның, демек, өзіңнің кұйттай жүрегің,
Жүрегің қақса, сенің де заңды жүдеуің.
Жарыла жүрек, қуанар кезің болса да,
Қабынып жүрек, қорқа көрмесін – тілеуім.
Қуану, қорқу тұрар ма бірақ алмаспай,
Отаның – анаң, төзіміне адам нанбастай.
Ауырса анаң, таба алсаң емін болғаны –
Еш жақтан сондай балгер де іздеп, бал да ашпай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері