Талай дана Жер бетінен өтті дер –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Талай дана Жер бетінен өтті дер» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Бояулар антологиясы – кемпір қосақ»
Деген сөзге өлең жаздым мен бір босап...
* * *
Талай дана Жер бетінен өтті дер
Көтергендей денесімен көкті Жер.
«Тектілер» деп сөз айтады тексіздер,
«Тексіздер» деп сөз айтады тектілер...
* * *
Байғұсыңның аңдамайтын сол соры,
Аңдамайды кім екенін оң-солы,
«Әділеттілік кімде?..» дейді ашынып,,
Ал, өзінен іздемейді, дәл соны!
20 наурыз 2014 жыл
Астана қалассы
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі