Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1372
Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін,
Жиырма бес ерек...
Отызда бөлек күйге ендім,
Отыз бесте де, қырық бесте де сүйгенмін,
Сүйе беремін қурап қалғанша сүйегім.
Сүйгеннен ернім жұқарса, мейлі, жұқарсын,
Сүйгеннен жүйкем жұқарса, мейлі, жұқарсын,
Сүйгеннен көңілім мұқалса, мейлі, мұқалсын,
Сүйгеннен өмірім қысқарса, мейлі, қысқарсын.
Тек сүйсем болды, минут па, әлде мәңгі ме?
Ұзағында ма, қысқасында ма әңгіме?
Дәнінде емес пе, дәмінде емес пе әңгіме,
Мәңгі есте қалар мәнінде емес пе әңгіме?..
Машақаты мен мұңында емес пе сыры, ізі,
Буынға түскен уында емес пе уызы?..
Мұңнан да рақат, удан да уыз ұюы,
Сол емес пе екен адамды адам сүюі?..
Сондықтан сүйем, сол үшін сүйем сонша көп,
Мұңнан да рақат, удан да уыз тамса деп.
Сүйе алмай налып болғаным да бар сонша әлек,
Сүйіп те қалып, күйіп те қалдым қанша рет.
Сонда да сүйем, сонда да сүйе беремін,
Бәріңді сүйем, бәріңді иеленемін.
Сүйе беремін, сүйе де сүйе шаршасам,
Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері