Қараңғы түсті – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қараңғы түсті» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1247
Қараңғы түсті.
Көз байланады,
Түнге айналады төңірек.
Аспанда жұлдыз маздай жанады
Әдеттегіден көбірек.
Қараңғы түсті.
Қарауытады
Қарауыл таулар тұлғасы.
Ақ қылау сәуле қылаңытады,
Жұлдызға тиіп шың басы.
Қараңғы түсті.
Қарағайлардың
Көлеңкелері көз байлап,
Көлбең де көлбең талай ойларды
Құлай да жаздап қозғайды-ақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараңғы түсті өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қараңғы түсті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараңғы түсті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараңғы түсті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері