Ту туралы жыр

Бұл бетте «Ту туралы жыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 4313
Туыңды көтер, туыңды көтер, туыңды!
Туыңды көтер, таптатпау үшін тұғырды.
Неліктен ерлер көтеріп туын жығылды,
Неліктен елдер астына тудың жиылды?
Осыны ойла...
Туыңды көтер жоғары,
Туыңды көтер салтанаттарда саналы.
Жарыста озсаң, аласың қызыл жалауша,
Туменен түстес галстук балаң тағады.
Тулары бірге адам мен адам табысса,
Неліктен туды теңейміз ар мен намысқа?
Жеңіспен алған жерлерге неге қадаймыз,
Неліктен оны жібереміз біз ғарышқа?
Жүректе шындық.
Шыққанда шындық жүректен,
Жүректі және теңейміз туға дір еткен?
Неліктен туды көтерген әлем құлдары
Шынжыры бір сәт босаған кезде білектен.
Адамзат – болмыс,
Жаралған күрес – қайнардан
Революция қаны ғой мәңгі айналған.
Неліктен біздің революция тулары
Жүректің ісін, жүректің түсін байланған?
Отаның – біреу, Жүрегің – біреу, Ту – біреу.
Сондықтан жөн ғой «жүректен туым туды» деу.
«Туыңдай берік бол!» дейміз біздер сондықтан,
Рахат қой тудай желбіреп, жану, үлбіреу.
Туыңдай берік, туыңдай нәзік бола алсаң,
Туыңды ұстау аманат саған, саған сән!
Туыңды көтер, туыңды көтер, туыңды,
Өз Отаның мен өз жүрегіңнен жаралсаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ту туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ту туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ту туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ту туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері