Япырмай, уақыт деген осы екен ғой – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Япырмай, уақыт деген осы екен ғой» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1434
Япырмай, уақыт деген осы екен ғой,
Балыңа, балаусаңа өш екен ғой.
Балалық – жалғыз бақыт...
Қалған ғұмыр
Балалықпен тайталас, бәсекең ғой.
Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой,
(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой).
Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт,
Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой.
Аңғармай алақаннан шашып алған
Бір уыс балалығың ақ күміс қой...
Сол күміс жылт-жылт етсе кейде бізге,
Үміттің желкені етіп келеміз бе?!
Қалмаса қорқынышты-ау бала күннің
Бір елес – бір белгісі денемізде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері