Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1353
Сәбила, сәбилік күн – сайран сағым,
Қай қырдан асып кетті қайран сағым?
Сағымның толқынындай кетті алыстап
Балалық – балбұлақтай қайран шағым.
...Жүгірдік, жүгірдік те, жарыстық та,
Алыстық, жағаластық, табыстық та.
Жағалап жардың бойын салдық ойын,
Қыл баулы қалтамызда таныс жұтпа.
Бір күні жұтпа тарттық қайықпенен,
Қайықты мен есіп ем байыппенен.
Жұтпаны сен ұстадың жұтынған қыз,
Қалтқыдай қозғалғанда ғайып денең,
– Қайықты аударасың, – деймін саған,
Бұл иірім, қара, терең, жауың, – дегем.
Сақтанар қауіп те бар шат өмірде,
Ал сенің сескену жоқ қаперіңде.
Тепкенде тентек толқын шайқалып кеп,
Қайығым кіліт тоқтады қапелімде.
Сәбила айқай салды:
– Қапты, – деді,
Қарлығып кенет шықты қатты демі.
Қара күш үркіп тартып, сілкіп тартып,
Құп-қу боп кеткен екен аққу өңі.
Қара күш қайық басын бұрды келіп,
Қыл бауды қаршадай қыз тұрды керіп.
Әл бермей бұла шортан шоршып-шоршып,
Қайықты құйрығымен ұрды келіп.
– Тарт, – дедім, – тарт, – дедім мен қайықты есіп,
Үніме салмақ қосып, байып қосып.
Біз тұрмыз жан ұшырып, өзен жатты
Толқынын жайма-шуақ жайып көшіп.
Тістеніп, тіреп тартып зорландың-ау,
Зәрең ұшты-ау, қайықта толғандың-ау.
Қарыссаң қара тастай қайсар едің,
Қара күш болмаған соң қор болдың-ау.
Бұл судан бұрын мұндай бұла көрсең,
Жағада қармақ салып тұрар ең сен.
Жалқы үйдің шолжаң өскен жалғыз қызы-ау,
Қайықта қапа болып жыладың сен.
Жұтпаны тартуға мен оқталған ем,
(Балада болады ғой мақтан деген).
Жігіт боп жейде киіп жүргеннен соң,
Көмекке көңілің қалар деп бармап ем.
Қарадың сонда маған сен шағына,
Тұрдым мен мысым құрып, тау шағыла.
...Шындықты жейде қалай жасыра алсын,
Жар сүйіп, сәби сүйді сол Сәбила.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жұтпа тартқанда немесе жейде туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері