Көк шалғында көбелек қудық – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көк шалғында көбелек қудық» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1606
Көк шалғында көбелек қудық,
Көбін ұстай алмадық.
Көбелекті неге көп қудық
Көлбеңдегеніне алданып?
Көк көбелек қолға қонбаған
Көз ұшында сағымға сіңді.
Көбелектен көбелек таңдаған
Аптық-арын басылды.
Көктем жазға ауысқанда
Көк көбелек сиреуі қалай?
Шіліңгір шілде қысқанда
Қанаты күйгені қалай?
Көк шалғын сарғая бастады,
Көбейді шегіртке шырылы.
Сары ала жаздың аспаны
Ақ шарбы бұлтын сылыды.
Бұлақтың сылдыры азайды,
Құрақтың сыбдыры азайды.
Таңғы шық сулана бастады,
Шалғындар қуара бастады.
Көктем – көбелек қанатың,
Қолың жетпес ұшпақтай.
Өтті-ау дәурен – заматың
Сырғып сынаптай ұстатпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк шалғында көбелек қудық өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Көк шалғында көбелек қудық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк шалғында көбелек қудық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк шалғында көбелек қудық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері