Аққу арман – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Аққу арман» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сүйкімді қыз, сұлу жігіттер,
Болашақтан болып үміткер.
Сыр ақтарып нәзік сезіммен,
Лүпіл қағып өткен жүректер.

Қайырмасы:
Бастау басы тұнық болады,
Мөлдір тамшы қыздың жанары.
Аялап өт арманыңды бір өзің,
Ол отаудың отын жағады.

Жастық жалын от боп жайнаған
Жанарыңнан арай ойнаған.
Көңілді күн қызық кештер-ай
Студенттік өмір қайнаған.

Қайырмасы

Оқу-білім сана сезіммен,
Есейдім де ұштым өзіңнен.
Гүл ұсынған жарқын достар-ау,
Бақыт таптым сенің өзіңнен.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері