Бүбішхан Тікебаева — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Бүбішхан Тікебаева өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Бүбішхан Тікебаева жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Бүбішхан Тікебаева — 1951 жылы ҚХР-дың Шынжаң өлкесінде туған. 1959 жылы Алматы облысы Сүмбе ауылында орта мектепті, одан соң Алматы Политехникалық техникумын «Архивтану» мамандығы бойынша бітірген. Нарынқол ауданындағы Шәлкөде кәсіптік-техникалық училищесін қызыл дипломмен аяқтап, еңбек жолын Шелек ауданында тігіншіліктен бастаған. 1979 жылы Талғар ауданы «Іле шұғыласы» газетінде көркемдік жетекші, аймақтық шолушы, тілші қызметтерінде болды. 1980 жылы Есік қаласында «Еңбек туы» газетінде кіші редакторлық қызмет атқарған. 1981жылдан Алматы қаласында «Дәуір» баспасында, Медеу ауданында ішкі істер бөлімінде, мұражайда, Кино үйінде, 1995 – 99 жж. «Қазақстан әйелдері»,«Арай» жұрналы «Әділет» газетінде қызмет атқарды. «Қайыңды тау», «Тағылым», «Асыл мұра», «Рауан», «Махаббат» т.б. кітаптары бар. Жырлары Қазақ радиосының анталогиясына енген.