Бесік жыры – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Бесік жыры» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бесіктен шешіп алдым да,
Тәй-тәйлап келем өзіңді.
Көре­йін сенің жан бөпем
Талпынып жүрген кезіңді.

Жетелеп сені жүре­йін,
Алға қарай бас балам,
Құт­ты болсын қадамың,
Өмірдің көшін бастаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері