Алатаудың басына бір шөкім бұлт – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Алатаудың басына бір шөкім бұлт» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2602
Алатаудың басына бір шөкім бұлт
Қайдан ғана ойнақтап шыға келді?
Ұлы адамға оралған мұң секілді
Тарқатылып түбіттей тұнады енді.
Бір шөкім бұлт таралып, тарамдалып,
Ордаланып, орнығып, орамдалып,
Қарлы боран немесе қара нөсер
Құяды-ай кеп, құяды содан барып.
Тау етегі содан соң бір сілкініп,
Басталады басқана бір тіршілік.
Тау екеш тау қайтсін-ай, айналасын
Көгертеді басынан бұлтын сығып.
Алатаудың басына бір шөкім бұлт
Шыға келіп шұбайды қау секілді.
Ұлы адамға оралған мұң секілді,
Мұңсыз адам бұлты жоқ тау секілді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері