Өлең, жыр, ақындар

Күдік

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Күдiк деген, құдай-ау,
ұры екен ғой.
Ұры деген iшiмде жүр екен ғой.
Мұны бұрын қалай мен бiлмей келгем
күдiк деген, құдай-ау,
ұры екен ғой.
Бiлмей келгем қалай мен бұрын мұны,
ұстау мүмкiн емес қой «тiрi» мұны.
Ту-талақай ететiн iшкi әлемдi
күдiк-ұры дегенiң –
бүлiк ұры.
Тонап жатыр,
тоқтаусыз тонап жатыр,
ой-санамды жара етiп талап жатыр.
Талап жатыр,
жан-жүрек қанап жатыр!
...Төзiм байғұс жарамды жалап жатыр.
Тонап жатыр.
Бор болып үгiтiлдiм.
(Зауалы деп ұғамын мұны кiмнiң).
Арманымның ақ гүлiн алып кеттi,
алып кеттi үкiсiн үмiтiмнiң.
Желкiлдеген басты да желiгiмдi,
алыстатып жiбердi серiгiмдi.
Алып кеттi сонан соң күдiк-ұры
бiр досыма құлаған сенiмiмдi.
Тұманға орап бұлдыр қып ертеңiмдi,
жаймай қойды ақ шаңқан желкенiмдi.
Көк шатыр боп тiгiлiп көздi арбаған
көңiлiмнен ап кеттi ертегiмдi.
Кеттi тонап тағы бiр сөзiмдi алып,
дiрiлдеген кеттi ғой сезiмдi алып.
Күдiк-ұры бiр күнi –
қауiптенем –
өзiмдi алып кетер деп,
өзiмдi алып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт пен күдік

  • 0
  • 0

Бiрi қатер, ал бiреуi игiлiк,
бiрi тербер, бiр салып қиғылық...
Үмiтiмдi өсiрiп ем гүл қылып,
күдiк-аптап жiбердi оны күйдiрiп.

Толық

Қоян жылы жазылған өлең

  • 0
  • 0

Төгiлiп тұр жыр болып
Сергек қоян, сақ қоян...
Келiп кiрдi жыл болып
аппақ қоян, ақ қоян.

Толық

Жан-жағына алаңдап

  • 0
  • 0

Жан-жағына алаңдап
қайнап жатқан қазандай –
адасады балалар –
вокзалдар мен базарда.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар