Кеттің ұшып, қалдым жерде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Кеттің ұшып, қалдым жерде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1608
Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Сағынышқа салдың демде...
Сен – көктесің, мен – жердемін,
Сен – періште, мен – пендемін,
Жаутаңдаймын әркімдерге...
Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Жаутаңдаймын әркімдерге.
Көкте кімге жолығарсың,
Жерді бірақ сағынарсың,
Тәлкектейді, тағдырға ерме!
Тағдырға ерме, тәлкек етер,
Сені мен ғой еркелетер.
Мүмкін жұрттың не демеуі,
Болма көктің көбелегі
Елтең етер, селтең етер.
Болма көктің көбелегі,
Өзге оттың не керегі?
Ессіз-түссіз бір сезімді,
Еске түсір бір сөзіңді,
Жеке...жеме-жемедегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеттің ұшып, қалдым жерде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Кеттің ұшып, қалдым жерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеттің ұшып, қалдым жерде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеттің ұшып, қалдым жерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері