Буфеттерде, барларда – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Буфеттерде, барларда» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 825
Буфеттерде, барларда
Өткен сәттер ұшаны –
Қырық таяу қалғанда
Қабырғамды қысады.
Тістелеймін бармақты
Түндер бойы ұйықтамай.
Құр жаюлы, салмақты,
Құрт-майы жоқ шыптадай
Өзімді өзім бос санап,
Бас даңғырап шаршадым.
Жоқ баяғы жас сана,
Жоқ баяғы аусарым.
Озған кім де, қалған кім,
Алақанда бәрі де.
Бағы мықтап жанған кім,
Кім тәлкек боп тәңіріне?
Кім жүйрік боп алда екен,
Ілбіп жүріп бар озған.
Айтсын, озған бар ма екен
Уақыт деген сабаздан?
Озбаса, оған жоқ дауа,
Дүние дәурен таусылмас,
Әй, кешегі сары бала,
Мә, шарап іш, мауқың бас!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Буфеттерде, барларда өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Буфеттерде, барларда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Буфеттерде, барларда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Буфеттерде, барларда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері