Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1467
Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап,
Күмілжіп қалдым, кете де жаздап сөз бастап.
Бір ыршып түскен көбелек сынды пәтшағар,
Қалпымды танып, қимылымды білген жазбастан.
– Бірдеңе, ағай, сұрамақ па едіңіз? – деді де,
Сұлулық сұмдық сиқыры сыйып денеме.
Не деген ақыл, не деген астар, неткен ой,
Аударып көзін көмкеріп дүние көгіне.
Тас мүсін болып жүрегім соқпай мен қалдым,
Мынау бір сурет – тылсым бір құдірет, таңғалдым.
Бәлкім мен мұны мың рет көрген шығармын,
Қасиетін бірақ ең тұңғыш рет аңғардым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері