Кермиығым, мен сені кеш аңсадым – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Кермиығым, мен сені кеш аңсадым» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3157
Кермиығым, мен сені кеш аңсадым,
Қаншама рет тоқтады десеңші әнім.
Ен дәулеттен айрылған сияқтанам
Еске түссе ессіз күн, есер шағым.

Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің,
Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің.
Кербез күшпен келдің де билеп алдың,
Келбетіңмен кеудемнің жанды жерін.

Бейнең сенің өңге бір, түсте бір кеп,
Диуаналық жолдарға түскенім көп.
Таусылған соң амалым, тұрам ылғи,
Тағы да бір қиғылық істегім кеп.

Іздегенім сен болсаң — таптым қайғы,
Ондай жанға байыздап бақ тұрмайды.
Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол,
Бақыт үшін күреске таптырмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кермиығым, мен сені кеш аңсадым өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Кермиығым, мен сені кеш аңсадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кермиығым, мен сені кеш аңсадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кермиығым, мен сені кеш аңсадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері