Қызыма
Бұл бетте «Қызыма» атты Jozi жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Jozi
- 25.09.2018
- 1
- 20
- 217109
ТУҒАН КҮНІҢ құтты болсын, жан қызым,
Айшам менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.
Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман-ойың, тілегің.
Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.
Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман-есен көз алдымда жүре берші, алтыным.
Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата-анаңнның саған деген тілегі сол.
Бала шағаң аман болсын. Керемет
Өте керемет
Керемет өлең
Тамаша
Өте керемет
Керемет екен
Көшіріп алдым
Өте күшті өлең шумақтары. Жылап жібердім ғой
Керемет
Рахмет
Салем
Оте керемет жазылган
Қандай керемет жазылған
Керемет өлең шумақтары
Орташа
Керемет
Туган кун
Керемет.
Керемет сөз жоқ.
Туған куніне тілек
«Қызыма» өлеңі жүрекке жылы тиеді — әрбір жолында сүйіспеншілік, бақыт пен қамқорлық бейнеленген. Автор баласына арнаған тілектер мен армандарды осындай нәзік сөздермен жеткізіп, оқырманға отбасы махаббаты мен балаға деген мейірімділікті сезіндіреді.