Санамақ

Бұл бетте «Санамақ» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірден – батыр бабамыз
Бөгенбайды табамыз.
Екіміз – Ер Едіге,
Аңыз болған еліне.
Үшіміз – жырау Үмбетай,
Ерлікті жырлар тілге бай.
Төртіміз – Тайлақ, Тауасар,
Тұлғасы көкпен таласар.
Бесіміз – батыр Баян ғой,
Ерлігі елге аян ғой.
Алтымыз – Абылай ханымыз,
Қастер тұтар бәріміз.
Жетіміз – Жәңгір, Жәнібек,
Әрі хан, батыр әрі бек.
Сегізім – Саурық, Саяндар,
Ел қорғаған нояндар.
Тоғызым – Төлеген Тоқтаров,
Ерлігі қалған жатталып.
Онымыз – Орақ, Олжабай,
Сардарлар – қосын, қолға бай.
Ерлер – бұл, көптің бірі емес,
Ерлігін ерен біліп өс!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері