Тойбастар – Арасанбай Естенов

Бұл бетте «Тойбастар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.12.2019
  • 0
  • 0
  • 3335
Кішкентайлар тұлымды
Сүйіншілей жүгірді.
Әне­-міне дегенше
Алтыбақан құрылды.

Ару қыздар бұрымды,
Бастап ата ырымды,
Әткеншектен әуелей,
Ән тербетті қырымды.

«Жиен келді, жиен» - деп,
Ақ әжелер сүйер кеп.
Қызмет қылар баршасы
Басы жерге тиер боп.

«Жігіт бопты тәп-тәуір.
Болмас үшін жатбауыр,
Араласу осылай
Керек қой,» - деп жатты ауыл.

Ақсақалдар асқарлы
Баптап қосып жастарды,
Нағашымның ауылында
Керемет той басталды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері