Әйгілі ұшқыш

Бұл бетте «Әйгілі ұшқыш» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Індетіп жауын, жасқанған,
Тажал боп төнген аспаннан,
Кім еді ұшқыш қаһарман
Екі рет Батыр атанған?..  

– Жау ұшағын тақалған
Жіберіп жанын жаһаннан,
Қара жерді құштырған
Әйгілі ұшқыш-штурман
Талғат ата, Бигелді
Ел-жұртына сыйлы енді,
Даңқты Батыр, ардагер,
Әнін сыйлар, арнап ел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері