Тауасар, Тайлақ, Тілеуке
Бұл бетте «Тауасар, Тайлақ, Тілеуке» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қол шығарып бір жеңнен
Жауларын да бір жеңген,
Қолбасылар атақты,
Түсінісер бір демнен.
Түйреп оңнан, солдан да,
Қырғидай тиген жоңғарға.
Жанды ұмытып кететін
Елін жаудан қорғарда.
Тауасар, Тайлақ, Тілеуке,
Елі үшін киіп кіреуке,
Бес қаруын сайланып,
Сенімін артқан білекке.
Аластап жерін жат елден,
Еліне теңдік әперген.
Ерлерімнің перзенттік
Парызы солай өтелген.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі