Қиялым едің қаршадай кезден жастанған

Бұл бетте «Қиялым едің қаршадай кезден жастанған» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2473
Қиялым едің қаршадай кезден жастанған,
Көретін болдым өмірден енді түрлі сын.
Сүюден сені жоқ еді менде басқа арман,
Қылыққа сол бір қызығып, күліп жүрмісің?

Күле ғой, жаным, күрсініп шыққан өр үнге,
Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең,
О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем.

Арманшыл жанның бәрі де қиял мол шақта
Жандарын өртеп, түсетін шығар отты ізге.
Махаббат даңқын шығарар ақын болсақ та,
Өмірде, мүмкін, сүюден опа жоқ бізге?!

Дегенмен, кейде телміріп әрбір асылға,
Жаныңды жұлып, жадағай үміт тонайды-ақ,
Басымды сипап басқа бір қыздың қасында
Далаға қарап отырам сосын сені ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялым едің қаршадай кезден жастанған өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Қиялым едің қаршадай кезден жастанған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялым едің қаршадай кезден жастанған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялым едің қаршадай кезден жастанған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері