Ханшадай өзін ұстаған – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Ханшадай өзін ұстаған» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3345
Ханшадай өзін ұстаған,
Қара алмас көзді, бал ерін,
Басынан құс та ұшпаған,
Бұла өскен асқақ жан едің.

Қара оқа құсап бұрымың
Жарқылдап әрбір талы да,
Жарасып барлық қылығың,
Жараспай пенде жаныңа,

Көңілің балқып тәтті әнмен,
Кірпігің, қасың дірілдеп,
Өтуші ең жасыл бақтармен,
Өтуші ең шалқи күлімдеп!

Жадымда қалды жатталып:
Бек әсем қызыл көйлегің,
Күлуге сол сәт шақ қалып,
Қасыңды керіп сөйлеуің.

Жыр болсын басқан ізің де,
Аңыз боп атың әдемі.
Тәкаппар аппақ жүзіңде
Тарыдай бір мең бар еді.

Жаныма бір мұң жетті де,
Жабығып өтті уақытым.
Тарыдай меңде кетті ме
Таба алмай қойған бақытым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ханшадай өзін ұстаған өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Ханшадай өзін ұстаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ханшадай өзін ұстаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ханшадай өзін ұстаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері