Өсімдік аты – Жұматай
Бұл бетте «Өсімдік аты – Жұматай» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сараң да малын алдырған
Сайраған кезде жүрегім.
Шөлде де шөлін қандырған
Жыңғылға тарқан ұл едім.
Озбырлар алса бетімнен,
Жымию болды мұратым.
Ол кезде шырша секілді ем
Көгеріп, көктеп тұратын.
Мойныма оны алайын,
Күнә ма ол ортақ бір маған –
Шыбықтай қыздың талайын
Құлмақша орап, шырмағам.
Бокста көзін ісіріп
Қойғанда достың не түрлі,
Бетіне бастым қысылып,
Атқұлақ қылып бетімді.
Қалмадым қарыз-құрызға,
Қыздырып тойын досымның.
Кезімде шыққан қымызға
Күшәлә болып қосылдым.
Абилдаев Нурасыл
Осимдик туралы Олен
Абилдаев Нурасыл
Осимдик