Сәуір де өтер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сәуір де өтер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 1
  • 0
  • 1396
Сәуір тәуір болмады биылғы бұл,
Сағағынан дір етіп қыйылды гүл.
Долы дауыл бұтақты ала қашып,
Көкірегіме өзендер құйылды бір.
Көкірегіме өзендер құйылды бір,
Дір-дір етіп қылтиған қиылды гүл.
Қобалжиды жылқышы әрең шыққан,
Қалай сақтап қалам деп үйірді бұл.
Долы дауыл сыпырып кетті бәрін,
Соңғы сөзін айта алмай өтті ғалым.
Көктем қашан келеді дегенменен,
Менің өкпем ешкімге жоқ шырағым.
Суық жаңбыр қақты көп тереземді,
Бұзып-жарып ақты кеп сең өзенді.
Ағыл-тегіл жауғанмен ақ жаңбырлар,
Қандыра алмай қойды-ау жер кенезеңді.
Кенезеңді қара жер қандыра алмай,
Толқындары тулайды жарды ұра алмай.
Сабыр етсек сәл ғана сәуір де өтер,
Тәуір белгі артына қалдыра алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуір де өтер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сәуір де өтер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуір де өтер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуір де өтер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері